Жәнібек Әлімханұлы спаррингінен видео жариялады

Жәнібек Әлімханұлы спаррингінен видео жариялады
Бокс

Mikey Williams

Жәнібек Әлімханұлы желтоқсанда әлем чемпионына қарсы өткізетін жекпе-жегіне дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы екі айдан кейін Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізеді. Үш чемпиондық атақ үшін болатын кездесу 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатында Сан-Антонио қаласында өтеді.

Қазіргі таңда қазақстандық боксшы Лос-Анджелестегі Brickhouse Boxing Club залында жаттығып, Брайан Вилоримен жұмыс істеп жатыр. 

Qazaq Style әлеуметтік желідегі парақшасында дайындық аясында өткізілген спаррингінен видео жариялады.