Сәкен Бибосынова жаңа салмақта ел чемпионы атанды

Бокс
Olympic.kz
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы көшбасшыларының бірі Сәкен Бибосыноа Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Алтын жүлде үшін болған жекпе-жекте Сәкен Бибосынов қызылордалық Нұрсұлтан Алтынбекпен жұдырық түйістірді. Бірінші раунд Сыр өңірінің былғары қолғап шеберінің пайдасына шешілсе, өзге екі үш минуттықта кеткен есесін қайтарып, сенімді жеңіске қол жеткізді - 5:0.
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері 55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алғашқы жарысында-ақ тұғыр биігіне көтерілді. Бұған дейін Бибосынов 51 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен.