Қазақстандық үш гимнаст әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш гимнаст әлем чемпионатының финалына шықты
Гимнастика

Сали Сабиров

Индонезияда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатының финалында үш қазақстандық гимнаст бақ сынайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ұлттық құрама мүшесі Милад Карими еркін жаттығудың іріктеуінде 14.133 ұпай еншілеп, төртінші нәтижемен финалға шықты. Сондай-ақ, ол кермедегі жаттығуда 14.200 ұпай алып, жүлдеге таласатын тағы бір мүмкіндікке ие болды. 

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов ат снарядындағя жаттығудың іріктеуінде үздік нәтиже көрсетіп, 14.700 ұпаймен бірінші орын алды. 

Осы сынның финалында тағы отандасымыз бақ сынайды. Іріктеуде 14.300 ұпай алған Зейнолла Ыдырысов әлем чемпионатынык шешуші кезеңінде өнер көрсетеді. 

Ұлттық құрама мүшелері Диас Тойшыбек, Дмитрий Патанин мен Ілияс Әзизов финалға өте алмады. 

Еркін және ат снарядындағы жаттығулар финалы 24 қазанда өтсе, керме жаттығуындағы әлем чемпионы мен жүлдегерлері 25 қазан күні белгілі болады.