“Балдарға да айтып қойдым, ертеңгі ойыннан тек жеңіс күтеміз”: Нұралы Әліп Линхштейінге қарсы дайындықтары туралы айтты

“Балдарға да айтып қойдым, ертеңгі ойыннан тек жеңіс күтеміз”: Нұралы Әліп Линхштейінге қарсы дайындықтары туралы айтты
Футбол

KFF

Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнге қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді. 

Команда капитаны, «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп журналистердің сұрақтарына жауап беріп, алдағы матчқа қатысты пікір білдірді.

“Бас бапкер бәріне тоқталып өтті. Бірақ, недегенмен үйдегі матчта жеңіс болмағанына көп болды. Сондықтан, балдарға да айттым, ертеңгі ойыннан тек жеңіс күтеміз”, – деді ол.

Сондай-ақ, капитан құрамаға алғаш рет шақырту алған Дінмұхамед Қашкенге де қатысты пікір білдірді:

“Димаш жайлы әлеуметтік желіде жиі талқыланып жатыр. Мен оны 2016 жылдан бері танимын әрі жақын досымдай болып кетті. Әрине, оған мұндай жағдайда өз тарапымнан қолдау бірдірдім. Керіағар пікірлерді оқымауға кеңес бердім. Көпшілік Димашты сырттай ғана таниды, ол өмірде өте қарапайым. Жеңіске деген ынтасы да зор. Алдағы уақытта өзін көрсетіп, бұл хейттерді тоқтатады деп сенемін”.

Айта кетейік, ертең Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Линхштейнді қабылдайды. Кездесу “Астана Аренада” өтеді, ойын елорда уақытымен 19:00-де басталады.