Армат Арманұлы жеңілістің дәмін татпаған қарсыласын нокаутпен жеңді

Армат Арманұлы жеңілістің дәмін татпаған қарсыласын нокаутпен жеңді
Бокс

rtfight

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Армат Арманұлы (4-1, 3 КО) Таиланд астанасы Бангкокта өткен бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Орта салмақта сегіз раундқа жоспарланған кездесуде ол мексикалық Сесар Лосано Гонсалеспен (7-0-1, 6 КО) жұдырықтасты.

Жекпе-жек барысында Арманұлы төртінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Сегізінші раундта бұл сәт қайталанып, артынша қазақстандық спортшы айқын нокаутпен жеңісті қорытындылады.

Осылайша, Армат Арманұлы кәсіби мансабындағы бесінші жеңісін тіркеді. Ал қарсыласы Сесар Лосано Гонсалес өз карьерасында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Айта кетейік, Арманұлы 2024 жылдың маусымынан бері кәсіпқой рингте өнер көрсетіп жүр. Алғашқы кездесуінде жеңілгенімен, кейінгі төрт айқасты қатарынан жеңіспен аяқтап, енді бесінші рет қарсыласынан басым түсті.