Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін автокөлікке ие болды

Бокс
GOV.KZ
26 қыркүйек күні Қарағандыда екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева мен оның жеке бапкері Ислам Абдраимовты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Bassport.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Шаһардың атқамінерлері чемпионға жаңа автокөлік сыйға тартса, бапкеріне 5 миллион теңгенің сертификаты табысталды.
«Бұл – туған жерімнен алып отырған екінші көлігім. Алғашқысын биыл наурызда, Сербияда өткен әлем чемпионатындағы жеңістен кейін сыйлаған еді», – деді Әбікеева.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев спортшыны Ливерпульде өткен чемпионаттағы жетістігімен құттықтап, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі. Әбікеева енді басты мақсат ретінде 2028 жылғы Олимпиадаға жолдама алуды көздеп отыр.
«Келер жылдан бастап маңызды додаларға дайындық басталады. Алда – Азия ойындары мен әлем кубоктары», – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, жақында Әбікеева және басқа да танымал спортшылар Олимпиадаға дайындыққа арналған арнайы стипендия иегері атанды.