АҚШ сарапшылары: “Жәнібек Әлімханұлына алдағы кездесуде сақ болу керек”

АҚШ сарапшылары: “Жәнібек Әлімханұлына алдағы кездесуде сақ болу керек”
Бокс

qazsport

АҚШ-тың Badlefthook.com басылымы орта салмақтағы IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 КО) мен WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес (24–1–1, 18 КО) арасындағы жекпе-жекке шолу жасады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Сарапшылардың пікірінше, Адамес қазір мансабының шарықтау шегінде тұр. Оның ақпан айындағы кездесуі даулы нәтижемен (тең) аяқталған соң, беделі бұрынғыдан да артты. 

Журналистер Жәнібектің Еуропадағы қарсыластарды жеңгенімен, оның тәжірибелі боксшылармен айқасқа аз түскенін атап өтеді.

«Қағаз жүзінде Әлімханұлы фаворит саналғанымен, Адаместің төзімділігі мен үлкен айқастардағы ысылуы бұл кездесуді қызық ете түседі. Жауапсыз сұрақ көп, сондықтан тартысты жекпе-жек күтіп тұр», – делінген мақалада.

Мамандардың ойынша, егер кездесу ресми түрде ұйымдастырылса, орта салмақтағы ең тартысты әрі қызық жұдырықтасулардың

бірі саналмақ.