Мадридтік «Реалдың» Қазақстанға келу уақыты белгілі болды

Мадридтік «Реалдың» Қазақстанға келу уақыты белгілі болды
Футбол

Чемпионат

Чемпиондар Лигасы аясында алматылық «Қайратқа» қарсы ойнау үшін мадридтік «Реалдың» ұшып келу уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz «Дядя Ваня» телеграм-арнасына сілтеме жасай отырып.

“Бүгін футболшылар Испания астанасында орналасқан Адольфо Суарес атындағы Барахас халықаралық әуежайынан сапарға шығады. Ұшақ жергілікті уақытпен сағат 13:30-да көтерілді. Ұшу ұзақтығы – 8 сағат 20 минут. Жоспар бойынша, олар Алматы әуежайына түнгі 00:50-де қонады”, - деп жазды.

Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы кездесу 30 қыркүйекте Алматыда өтеді. Турнирдің алдыңғы турында қазақстандық клуб сырт алаңда португалиялық «Спортингтен» 1:4 есебімен ұтылса, «Реал» өз алаңында француздың «Марселін» 2:1 есебімен жеңген болатын.