Жәнібек Әлімханұлына жаңа қауіп: орта салмақта жас жұлдыздар пайда болуда

Жәнібек Әлімханұлына жаңа қауіп: орта салмақта жас жұлдыздар пайда болуда
Бокс

ҰОК

Қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үшін орта салмақтағы жаңа есімдер қауіпті қарсылас болуы мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Boxing News сарапшысы Оскар Пиктің айтуынша, дивизионда аты гүр еткен супержұлдыздар азайғанымен, талантты боксшылар жетерлік. 

Әлімханұлы ұзақ уақыттан бері WBC чемпионы Карлос Адамеспен және WBA белбеуін иеленген Эрисланди Ларамен белбеулерді біріктіруді көздеді, бірақ келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Дегенмен, чемпионға қауіпті қарсыластардың жаңа легі өсіп келеді. 

Сарапшының айтуынша, қазақстандық боксшыға айтарлықтай төтеп беруі мүмкін үміткерлер қатарында жылдамдығы мен техникасы мықты кубалық Йоэнлис Эрнандес, жан-жақты стилімен көзге түскен ирландиялық Аарон Маккенна және 2023 жылы бұрын жеңілмеген кубалық Йоэлвис Гоместі жеңген америкалық панчер Маркис Тейлор бар. 

Сонымен қатар, жақында Дензел Бентли мен Эндри Сааведра арасындағы жекпе-жек өтеді. Кездесу жеңімпазы Жәнібекпен күш сынасады. Сарапшылардың пайымынша, орта салмақ «жұлдызсыз» көрінгенімен, жаңа толқынның қарқыны чемпиондарға оңайлықпен тыныс алғызбайды.