Шавкат Рахмонов UFC-ге оралады: Қазақ жауынгерінің келесі қарсыласы кім?

Шавкат Рахмонов UFC-ге оралады: Қазақ жауынгерінің келесі қарсыласы кім?
Жекпе-жек

Фото: Getty Images

Қазақстандық MMA жұлдызы Шавкат Рахмонов келесі жылдың алғашқы айларында UFC-де жекпе-жек өткізуді көздеп отыр. Бұл ақпаратты спортшының командаласы Фаниль Рафиков растап отыр. 

Рафиковтың айтуынша, Рахмоновтың командасы промоушенге ұсыныс жолдап, қазір оған лайықты қарсылас іздеу үстінде.


– Шавкат UFC-ге келесі жылдың басында жекпе-жекке дайын екенін айтты. Қазір қарсылас таңдау процесі жүріп жатыр. Дивизионда жағдай өзгеріп келеді. Жаңа чемпион пайда болуы мүмкін, мықты топтағы спортшылардың да орындары ауысуы ықтимал. Қарашада Пратес пен Эдвардстың жекпе-жегі өтеді, Брэди де қарсыласын күтіп жүр. Бұл салмақ қазір ең қызықты дивизиондардың бірі, – деді ол.

Сондай-ақ Рафиков жанкүйерлер алдағы уақытта көптен күткен Рахмонов – Билал Мұхаммад айқасын көруі мүмкін екенін де тілге тиек етті.