Алматыдағы ерекше қызмет: Сұлулық салонында отырып «Қайрат» – «Реал» матчын көруге бола ма?

Алматыдағы ерекше қызмет: Сұлулық салонында отырып «Қайрат» – «Реал» матчын көруге бола ма?
Футбол

Фото: wikipedia.org

Қазақстан Ұлттық Паралимпиялық комитетінің вице-президенті Бахыт Сапаров өз Facebook парақшасында «Қайрат» пен «Реал» арасындағы Чемпиондар лигасының іріктеу ойынына байланысты қызықты жайтпен бөлісті.

Оның айтуынша, Алматыда бұл кездесу тек футболсүйер қауымның назарын ғана емес, кәсіпкерлердің де қиялын оятқан. Әлеуметтік желілерде билет бағасы мен әзіл-қалжыңға толы жазбалар көбейіп, футболдың көңіл көтерумен қатар, бизнесті де жандандыра алатынын көрсетіп отыр.

Сапаров мысал ретінде Орталық стадионға жақын орналасқан сұлулық салондарын атап өтті. Мұнда матч күні клиенттерге ерекше пакет ұсынылады. Яғни тұтынушы маникюр, педикюр немесе шаш үлгісін жасату кезінде «Қайрат» пен «Реалдың» ойынын жоғары қабаттан тамашалай алады. Бағасы әдеттегіден қымбатырақ болғанымен, бұл қызметке қызығушылық танытатындар аз емес сияқты.