Ксения Балабаева жастар арасындағы жылдам шахматтан әлем чемпионы атанды

ҚШФ
Қазақстандық 19 жасар шахматшы Ксения Балабаева Перу астанасы Лимада өткен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы жылдам шахматтан (рапид) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыс 23–25 қыркүйек аралығында өтті. Турнир швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрды. Партия уақыты – 15 минут және әр жүріске 10 секунд қосымша уақыттан берілді. Балабаева турнирді 7 ұпаймен аяқтап, соңғы жарыс күнінде Умида Омоновадан басым түсті. Осылайша Анна Журова және Афруза Хамдамовалармен теңесті. Бұл көрсеткіш оған мерзімінен бұрын чемпиондыққа жетуге көмектесті.
Жүлдегерлер қатарын 6,5 ұпайдан жинаған өзбекстандық Афруза Хамдамова мен FIDE өкілі Варвара Полякова толықтырды. Қазақстан құрамасының басқа мүшелері де жақсы нәтиже көрсетті: Амина Қайрбекова 6 ұпаймен 7-орынға, Лия Құрманғалиева 5 ұпаймен 12-орынға тұрақтады.
Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында 16 жастағы өзбек Мухаммадзохид Суяров 7,5 ұпай жинап, чемпион атанды. Ал блиц бойынша әлем біріншілігі 27–28 қыркүйек күндері өтеді.