Мемлекет басшысы FIFA президентімен кездесті

Мемлекет басшысы FIFA президентімен кездесті
Футбол

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантиноны қабылдап, қазақстандық футболды дамытуға қатысты бірқатар бастамаларды талқылады. 

Кездесу барысында балалар футболын ілгерілету мен заманауи инфрақұрылым салу мәселелері көтерілді. Сондай-ақ FIFA-ның «Arena» жобасын жүзеге асыруға Қазақстанның дайын екені айтылды. Сонымен қатар, Тоқаев елдің FIFA-мен бірлесе отырып, аймақта футболды жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді. 

Ал кездесу соңында Инфантино қазақстандық тараптың футболға деген қызығушылығын жоғары бағалап, балалар спорты мен ұлттық құраманы қолдауға бағытталған ортақ жобаларды іске асыруға ашық екенін жеткізді.