Қазақстан семсерлесуден Азия кубогында екі алтын жеңіп алды

Қазақстан семсерлесуден Азия кубогында екі алтын жеңіп алды
Семсерлесу

Olympic.kz

19–22 қыркүйек күндері Үндістанда өткен кадеттер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Кіл мықтылар бәсекесінің сабля сайысында Айбар Қайым қарсыластарын қапы қалдырмай, алтын медаль иегері атанды. Ал шпагамен өткен кездесуде Полина Лесовская сенімді өнер көрсетті.

Нәтижесінде турнирдің үздік семсерлесушісі атанып, ел қоржынына тағы бір алтын салды. Бұл жетістік жас қазақстандық спортшылардың халықаралық деңгейде қарқын алып келе жатқанын көрсетеді әрі алдағы ірі додаларға тың серпін бермек.