Қайрат Боранбаев 59 жасқа толды

Футбол
Қайрат ФК
Бүгін «Қайрат» футбол клубы Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Советайұлы Боранбаев 59 жасқа толып отыр.
Ол қазақстандық футболдың дамуына зор үлес қосып, еліміздегі ең үздік жасөспірімдер академиясын құрды. Боранбаев негізін қалаған «Қайрат» мектебі бүгінде ел футболының басты спорт ордасына айналды. Оның түлектерінің бірі Дастан Сәтпаев келесі маусымда ағылшынның әйгілі «Челси» клубына ауысады. Басқа да жас ойыншылар қазір алматылық команданың негізгі құрамында ойнап жүр.
Ал биыл «Қайрат» өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алып, отандық футбол үшін жаңа белеске жол ашты.