ҚПЛ-дегі шешуші текетірес: «Қайрат» көшбасшылықты қайтара ала ма?

ҚПЛ-дегі шешуші текетірес: «Қайрат» көшбасшылықты қайтара ала ма?
Футбол

Қайрат ФК

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев Қазақстан Премьер-лигасының 8-турындағы кейінге қалған «Қайрат» – «Жеңіс» матчы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, алдағы кездесу турнир кестесі үшін аса маңызды болмақ.


— Бізді өте қызықты ойын күтіп тұр. «Қайрат» көшбасшылықты қайта қайтарып алып, «Астанаға» қарсы артықшылыққа ие болуға тырысады. Қолдағы чемпиондық атаққа сай алматылықтар фаворит саналады. Дегенмен, «Жеңіс» соңғы матчтарында барлық қарсыласқа лайықты ойын көрсетіп жүр. Маусым соңында «Қайрат» пен «Астана» арасындағы «алтын» кездесу де болуы мүмкін. Сондықтан әр ұпайдың бағасы қазір өте жоғары, — деді Евтеев.

Айта кетелік, матч бүгін сағат 18:00-де Алматыда өтеді.