Сары-қаралар арасындағы дерби: «Қайрат» - «Жеңіс» арасындағы кездесуге шолу

Сары-қаралар арасындағы дерби: «Қайрат» - «Жеңіс» арасындағы кездесуге шолу
Футбол

Қайрат ФК

Қыркүйектің 22-і күні алматылық “Қайрат” өз алаңында астаналық “Жеңісті” қабылдады. 

Алғаш болып есепті алматылық “Қайрат” ашты. Кездесудің 12-минутында Дастан Сатпаев тамаша соққы жасап, допты тоғыздыққа дәл бағыттады. 36-минутта ол қақпашымен бетпе-бет шығып, есепті 2:0-ге жеткізіп, дубльдің авторы атанды. Осылайша алғашқы тайм 2:0 есебімен “Қайраттың” пайдасына аяқталды. 

Екінші тайм бастала салысымен елордалық команда есепті қысқартуға бар күшін салды. Нәтижесінде 52-минутта Исламбек Қуат гол соғып, есепті 2:1-ге жеткізіп, “Жеңіске” үміт сыйлады. 

Алайда 80-минутта ойынға тыңнан қосылған Рикардиньо тағы бір гол соғып, есепті 3:1-ге жеткізді де, кездесуге нүкте қойды. 23-турдан кейін алматылық “Қайрат” 52 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Ал астаналық “Жеңіс” 23 ойында 31 ұпай жинап, сегізінші орынға тұрақтады.

Келесі турда “Жеңіс” өз алаңында түркістандық “Тұранды” қабылдайды. Ал алматылық “Қайрат” Чемпиондар лигасы аясында мадридтік “Реалды” өз алаңында қабылдамақ.