Мемлекет басшысы грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады

Мемлекет басшысы грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады
Күрес

Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев грек-рим күресінен Әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиды тарихи жеңісімен құттықтады. 

Президент өзінің Instagram парақшасында ел атын асқақтатқан спортшыға арнап жылы лебізін білдірді:

«Айдос Сұлтанғалиды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!» – деп жазды Мемлекет басшысы.

Айта кетелік, Айдос Сұлтанғали Загребте өткен әлем чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесінде күш сынасып, нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша, тәуелсіз Қазақстан тарихында грек-рим күресі бойынша 26 жылдан кейін ел қоржынына алғашқы алтын медальды сыйлады.