Кем дегенде футболшылардың бір айлық жалақысын беріңдер: Қуат Хамитов әлем чемпионының сыйақысын сынады

Кем дегенде футболшылардың бір айлық жалақысын беріңдер: Қуат Хамитов әлем чемпионының сыйақысын сынады
Күрес

Esquire.kz

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов грек-рим күресінен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Айдос Сұлтанғалидың жүлдесі жайлы пікір білдірді. 

Хамитовтың айтуынша, Сұлтанғалидың жетістігі ел спорты тарихында ерекше орын алатынды. Бірақ оған ұсынылған сыйақы тым аз. 

«Адам тарих жасады, ал оған бар болғаны 10 мың доллар ғана береді. Кем дегенде футболшылардың бір айлық жалақысын беріңдер. Бұл – тарих, алло! Әлем чемпиондарына төленетін сыйақы туралы заңды өзгерту керек», – деп жазды файтер өзінің Instagram-парақшасында. 

Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өткен грек-рим күресінен ересектер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатының финалында 60 келі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Әлішер Ғаниевті 9:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Осылайша аталмыш спорттан ел қоржынына 26 жыл дегенде жаһандық доданың алтынын салды.