26 жыл күткен алтын: Айдос Сұлтанғали – әлем чемпионы атанды!

Күрес
Olympic.kz
Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан ересектер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айдос финалда өзбекстандық Алишер Ғаниевті айқын басымдықпен жеңіп, әлемнің жаңа чемпионы атанды.
Бұған дейін ол әлем чемпионатында екі мәрте қола медаль иеленген еді. Осы жолы Сұлтанғали спорт жолындағы ірі жеңістерінің біріне қол жеткізіп, ел тарихында есімін алтын әріппен жазды.
Айта кетейік, отандасымыздың қарсыласы Алишер Ғаниев тәжірибелі балуандардың қатарынан. Ол әлемдік рейтингте 10-орында тұр және осы чемпионатта алтыншы нөмірмен сынға түсіп, финалға дейін бірқатар мықты қарсыластарын жолдан ысырып өткен болатын.