Қазақстан Кореямен матчта алға шықты

Теннис
Кубок Дэвис аясында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен сырт алаңда кездесуде. Алғашқы ойында қазақстандық теннисші Александр Шевченко (АТР №97) кореялық Хен Ченді (АТР №379) екі сетте ұтып, командасына алғашқы ұпайды сыйлады – 6:4, 6:3, деп хабарлайды Bassport.kz «Спорт Шредингерге» сілтеме жасап
Есеп қазір 1:0, Қазақстан алда.
Келесі кездесуде Александр Бублик (АТР №19) кортқа шығады. Оның қарсыласы – кореялық Сун Ву Квон (АТР №478).
Матч «best of five» форматы бойынша өтеді. Яғни жеңімпаз атану үшін үш жеңіс қажет. Асығы алшысынан түскен спортшы келесі жылы Дэвис Кубогының финалдық кезеңіне жолдама үшін іріктеуге қатысады.