Бүгін – алты айқас: қазақ боксшылары әлем чемпионатында

Бүгін – алты айқас: қазақ боксшылары әлем чемпионатында
Бокс

KBF

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жарысты сәтті жалғастырып келеді. Бірнеше күн бойы өткен жекпе-жектерден кейін ұлттық құрама сапындағы бірқатар спортшылар шешуші кезеңдерге жолдама алды.

12 қыркүйек — Қазақстан құрамасы үшін маңызды күн, бірден алты боксшымыз шаршы алаңға шығады.

Күндізгі сессия (16:00):


– 48 кг – 1/4 финал – Назым Қызайбай – Ханна Охота (Украина)


– 50 кг – 1/4 финал – Санжар Тәшкенбай – Жадумани Сингх (Үндістан)


– 60 кг – 1/2 финал – Виктория Графеева – Ребека Де Лима (Бразилия)

Кешкі сессия (22:00):


– 65 кг – 1/2 финал – Аида Әбікеева – Грейн Мэри Иолш (Ирландия)


– +80 кг – 1/2 финал – Елдана Талипова – Агата Кацмарска (Польша)


– +90 кг – 1/2 финал – Айбек Оралбай – Хулио Сесар ла Крус (Куба)

Айта кетсек, кубалық Хулио Сесар ла Крус — Олимпиада чемпионы әрі төрт дүркін әлем чемпионы. Сондықтан Айбек Оралбайдың жекпе-жегі турнирдің ең тартысты кездесулерінің бірі болмақ. Қазақстан құрамасы әзірге жалпыкомандалық есепте екінші орында тұр. Алдағы күндері жартылай финал мен финал кезеңдерінде ұлттық құрама үшін шешуші айқастар өтеді.