Рыбакина рейтингтегі орнын сақтап қалды

Теннис
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатындағы (US Open-2025) сәтсіздіктен кейін де WTA рейтингінде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Төртінші кезеңде чехиялық Маркета Вондроушовадан сенсациялық түрде ұтылғанына қарамастан, Рыбакина әлемдік рейтингтің 10-сатысында қала береді.
Үздік үштік те сол күйінде:
1-орын – Арина Соболенко (Беларусь)
2-орын – Ига Швёнтек (Польша)
3-орын – Кори Гауфф (АҚШ)
Ал ТОП-10 ішінде өзгерістер бар. Америкалық Аманда Анисимова бірден бес орынға көтеріліп, төртінші сатыға жайғасты. Оның отандасы Джессика Пегула жетінші орынға сырғыса, қытайлық Чжэн Циньвэнь тоғызыншы орынға түсіп қалды.