Елена Рыбакинаның бапкерлік штабында үлкен өзгерістер орын алды

Елена Рыбакинаның бапкерлік штабында үлкен өзгерістер орын алды
Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бапкер Давиде Сангвинеттимен әріптестігін тоқтатты

Олар 2025 жылдың ақпан айынан бері бірге жұмыс істеп келген. Итальяндық маман Стефано Вуков уақытша шеттетілген кезде Рыбакинаның негізгі бапкері болды. Итальяндық БАҚ-тың мәліметінше, Рыбакина бір жыл бұрын қызметінен босатқан бапкері Стефано Вуковпен қайта жұмыс істей бастады. Қазақстандық теннисші бұл шешімді US Open турнирінде 1/8 финалда жарыстан шыққан соң күтпеген жерден қабылдаған. 

«Рыбакина Сангвинеттимен қоштасып, Вуковты жалғыз бапкер ретінде қалдырды. АҚШ ашық чемпионатының аяқталуымен бірге Елена Рыбакина Давиде Сангвинеттимен де әріптестігін тоқтатты», – деп жазады spaziotennis.com.