Қазақстан футбол құрамасына жаңа бапкер іздестірілуде

Қазақстан футбол құрамасына жаңа бапкер іздестірілуде
Футбол

KFF

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне қатысты жаңа ақпараттар белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz «Серый CARDINAL» телеграм-арнасына сілтеме жасап

Мәліметке сәйкес, Қазақстан футбол федерациясы қазір 5–6 үміткерді қарастыруда. Солардың ішінде шетелдік маманға басымдық берілетіні айтылуда. Еске салайық, бұған дейін құрама тізгінін ұстаған отандық жаттықтырушы Әли Әлиев отставкаға кеткен болатын. Ол Бельгияға (0:6) ірі есеппен есе жібергеннен кейін жауапкершілікті өз мойнына алып, қызметінен кетті. 

Әлем чемпионаты–2026 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы 5 ойыннан кейін небәрі 3 ұпай жинап отыр. 

Қазіргі жағдай мынадай:

– Солтүстік Македония – 11 ұпай (5 матч)

– Бельгия – 10 ұпай (4 матч)

– Уэльс – 10 ұпай (5 матч)

– Қазақстан – 3 ұпай (5 матч)

– Лихтенштейн – 0 ұпай (5 матч)

Қазақстан құрамасы өз тобында төртінші орында тұр. Жаңа бас бапкердің есімі жақын уақытта белгілі болады деп күтілуде.