Шпилевский: «Қайрат» Реалға да қарсы тұра алады

Футбол
«Қайрат» клубының бұрынғы бас бапкері Алексей Шпилевский алматылықтардың Чемпиондар лигасында «Реал», «Интер» және «Арсеналға» лайықты қарсылық көрсете алатынын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz ASNews.kz-ке сілтеме жасап
«Әр ойынды рахаттанып тамашалау керек. Ешкім „Селтикке“ қарсы (3:2, пенальти бойынша) осындай ерлікті күтпеген шығар, бірақ „Қайрат“ ұйымшылдық пен тәртіптің арқасында жеңіске жетті. Сондықтан әрқашан тосынсый болуы мүмкін, футболда мүмкін емес нәрсе жоқ.
Бүгінде командалар арасындағы алшақтық азайды. Бапкерлер дамып жатыр, ал ойыншылардың деңгейі жоғарылап келеді. Сондықтан айқын фаворитті бөле-жарып айтуға болмайды. Барлық нәрсені тек алаңда дәлелдеу керек. Лига матчтары өте қызықты болады деп сенемін. „Қайратқа“ жанкүйермін!», – деді Шпилевский.
Еске сала кетейік, «Қайрат» 19 қыркүйек күні Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін «Спортингке» қарсы ойынымен бастайды. Ал, 30 қыркүйек мадридтік «Реалды» өз алаңында қабылдайды, сондай-ақ алдағы уақытта «Интер» мен «Арсенал» сияқты үздік клубтармен кездеседі.