Қазақ боксшысы әлемді таңғалдырды

Қазақ боксшысы әлемді таңғалдырды
Бокс

Отандасымыз Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 КО) Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен бокс кешінде америкалық Стивен Самптерді (11-2-1, 9 КО) айқын жеңіп, шетелдік БАҚ назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Bassport.kz Vringe.com порталына сілтеме жасап

Басылымның жазуынша, бұл кездесу «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы супер аптаның алғашқы ірі оқиғасы болды. 

— Талантты қазақстандық орта салмақ өкілі Бек Нұрмағанбет өз әлеуетін айқын көрсетті — ол былтыр үздік проспект Наджи Лопесті есеңгіреткен Самптердің үстінен «катокпен өткен» сияқты. Нұрмағанбет қарсыласын екінші раундта нокдаунға жіберіп, одан кейін толықтай басымдық орнатты. Үш біржақты раундтан соң америкалықтың бұрышы жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады, — деп жазады Vringe.com. 

Осылайша, Бек Нұрмағанбет жеңіс жолын жалғастырып, өз салмағында үлкен мүмкіндіктерге ие екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Енді мамандар оның келесі қарсыласы деңгейі жағынан бұдан да жоғары болуы мүмкін екенін айтады. Бұл жеңіс қазақ баласын әлемдік аренадағы позициясын нығайтып, титулдық жекпе-жектерге жақындатты.