World Boxing Ибрагимованың даулы жекпе-жегіне тоқталды

Бокс
KBF
Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жетінші күнін қорытындылаған World Boxing ресми сайты қазақстандық Карина Ибрагимованың ширек финалда орын алған даулы жеңілісіне тоқталды, деп хабарлайды Bassport.kz
57 келі салмақта өнер көрсеткен Ибрагимова поляк боксшысы Юлия Шереметамен кездесіп, нәтижесінде төрешілер шешімімен 2:3 есебімен қарсыласқа жол берді. Бұл жекпе-жек спорт жанкүйерлерінің арасында үлкен талқылау туғызды.
«Юлия Шеремета, әйелдер арасындағы жартылай жеңіл салмақтағы (57 кг) фавориттердің бірі, жеңіске жетті. Дегенмен, қазақстандық Карина Ибрагимова оған оңайлықпен берілген жоқ. Ол бірінші раундта қарсыласынан басым түсіп, көш бастап тұрған. Алайда кейін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Шеремета қарқынын үдетіп, 3:2 есебімен жеңісті өз пайдасына шешті», – деп жазады World Boxing.
Айта кетейік, Ливерпульдегі бұл турнир – World Boxing ұйымдастыруымен өтіп жатқан ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты.