Махмұд Сабырхан жеңіске жетті

Махмұд Сабырхан жеңіске жетті
Бокс

KBF

Қазақстандық боксшы, әлем және Азия чемпионы Махмұд Сабырхан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Bassport.kz. 

55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сабырхан 1/16 финалда Мексика өкілі Бриан Оуен Ортизбен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қазақ боксшысы бірінші раундтан бастап қарқынды өнер көрсетіп, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Нәтижесінде отандасымыз келесі кезеңге жолдама алды. 

Айта кетейік, Ливерпуль төрінде өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Дүниежүзілік бәсекеге 60-тан аса елдің үздік былғары қолғап шеберлері қатысып жатыр.