Нұрбек Оралбай әлем чемпионатында 1/8 финалға шықты

Бокс
KBF
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі) Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
1/16 финалда отандасымыз украиналық Матвей Ражбамен жұдырық түйістірді. Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті Оралбайға берді. Қазақ боксшысы қарсыласынан басым түсіп, келесі кезеңге сәтті өтті.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай — Париж Олимпиадасында күміс жүлдені қанағат тұтқан еді. Бұл жолы ол өз салмағында әлем чемпиондығын көздеп отыр.
Ливерпуль төрінде өтіп жатқан жаһан чемпионаты 14 қыркүйекке дейін жалғасады.