Өзбек боксшысы Жәнібек Әлімханұлымен кездескісі келеді
Бокс
Бұрынғы әлем чемпионы Исраил Мадримов (10-2-1, 7 КО) желтоқсанда рингке қайта оралуды көздеп отыр, деп хабарлайды Bassport.kz
Қазіргі таңда өзбекстандық былғары қолғап шпбері тізе мен иығына жасалған отадан кейін ем-шарасын толық аяқтап жатыр. 30 жастағы Мадримов соңғы жекпе-жектерінде Теренс Кроуфорд пен Верджил Ортиске есе жібергенімен, мықтыларға қарсы шығуға дайын екенін айтты.
Оның сөзінше, өзін қызықтыратын қарсыластардың бірі — орта салмақта WBO және IBF чемпиондық белбеулерін иеленіп отырған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО). Сонымен қатар ол IBF чемпионы ресейлік Бахрам Муртазалиевке (23-0, 17 КО) қарсы да жекпе-жек өткізгісі келеді.
«Әлімханұлымен айқасу — мен үшін үлкен мәртебе болар еді» деді экс-чемпион Мадримов.