Әлемдік додада бес боксшымыз бақ сынайды

Әлемдік додада бес боксшымыз бақ сынайды
Бокс

KBF

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан бес спортшымыз өз бақтарын сынайды Күндізгі сессияда екі жерлесіміз өнер көрсетеді. 55 келі салмақта Махмұд Сабырхан мексикалық Брайан Ортиспен қолғап түйістіреді. Ал 80 келіде Нұрбек Оралбай украиналық Матви Ражбамен жұдырықтасады. 

Ал кешкі бағдарламада 57 келіде Карина Ибрагимова Англия өкілі Элис Глиннге қарсы шығады. 70 келіде Наталья Богданова үнді боксшысы Санамача Чану Зочоммен күш сынасады. Ал 65 келі салмақта Ертуған Зейнулинов франциялық Хуго Граумен кездеседі. 

Айта кетейік, әлем чемпионатын World Boxing ұйымы өткізіп жатыр. Ливерпульдегі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады.