ҚХЛ: «Барыс» – «Трактор» матчы алдындағы болжам

ҚХЛ: «Барыс» – «Трактор» матчы алдындағы болжам
Хоккей

Olympic.kz

Астаналық «Барыс» пен челябиндік «Трактор» ҚХЛ жаңа маусымында жолығады. Livesport.ru алдағы ойынға талдау жасады, деп хабарлайды Bassport.kz

Өткен кезең «Барыс» үшін сәтсіз аяқталды – команда 68 матчта 35 ұпай жинап, соңғы орынға тұрақтады. Жазда клуб жаңа легионерлерді шақырып, жергілікті ойыншыларға да сенім артты. Бас бапкер Михаил Кравецтің басты мақсаты – ұжымды дағдарыстан шығарып, қайтадан бәсекеге қабілетті ету. Нәтижесінде, маусым алдындағы дайындық матчтарында «Барыс» жақсы көрсеткішті тіркеді: «Сібірді» екі рет (3:1; 3:2) және «Салаватты» (4:3 ОТ) жеңді.

Ал «Трактор» жаңа маусымды Кубок ашылу ойынында бастады. «Локомотивке» қарсы матчта (1:2 Б) буллиттен жеңілсе де, 28 соққы жасап, қарымын көрсетті. Бас бапкер Бенуа Гру алғашқы кездесуді «жақсы дебют» деп бағалап, команда біртіндеп жылдамдық қосатынын айтты.

Статистикаға сүйенсек, соңғы бес ойында «Трактор» жеңіске жеткен, оның төртеуінде кемінде төрт шайба соққан. Дегенмен, «Барыс» өз алаңындағы соңғы алты матчтың төртеуінде қарсыласынан басым түскен. Сарапшылар пікірінше, «Барыс» өз айдынында қарсылық танытқанымен, фаворит – «Трактор».