Тарихи жүлде

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Әйелдер арасындағы командалық сайыста компаунд бағдарламасында ел намысын қорғаған Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Роксана Юнусова қола медаль үшін өткен кездесуде Ұлыбритания құрамасын 232:228 есебімен ұтып, Қазақстан қоржынына жүлде салды.
Айта кетейік, бұл — Қазақстан тарихындағы садақ атудан әлем чемпионатындағы екінші медаль. Бұған дейін 1993 жылы классикалық садақтан Яна Туниянц қола жүлде жеңіп алған болатын. Сондай-ақ 1997 жылы жабық кешендегі әлем чемпионатында әйелдер құрамасы күміс медальға қол жеткізген еді.
Осылайша, араға 32 жыл салып, қазақстандық мерген қыздар ел намысын тағы бір мәрте әлемдік деңгейде қорғап шықты.