Ғалымжан Кенжебек: “Жанкүйердің қолдауы алаңдағы күшімді еселейді”

Футбол
KFF
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек Уэльспен өткен кездесуден кейін жанкүйерлерден ерекше қолдау сезінгенін айтып, алғысын білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
– Матчтан соң жанкүйерлердің жылы лебіздерін оқып қатты қуандым. Бұл маған қосымша күш береді. Әрдайым сенімді ақтауға тырысамын. Ең алдымен Аллаға шүкіршілік етемін, содан кейін бапкеріміз Әли Ханалиевичке алғыс айтамын. Өйткені ойыншыларды қашан алмастыру керегін ол бәрімізден жақсы біледі. Наурыздан бері құраманың ойынын салыстырсаңыздар, ілгерілеу бар. Бапкердің өз бағыты айқын, мен оны толық қолдаймын, – деді Кенжебек.
Сондай-ақ жас шабуылшы алдағы Бельгияға қарсы ойынға да тоқталды:
– Соңғы екі күнде толық қалпына келдік. Бүгін ойын алдындағы жаттығуды өткіземіз. Қарсылас кім болса да, біздің мақсатымыз – жеңіске жету. Сол үшін бар күшімізді саламыз, – деп түйіндеді футболшы.