Ресейлік басылым ұлттық құрамаға жоғары баға беріп отыр

Ресейлік басылым ұлттық құрамаға жоғары баға беріп отыр
Футбол

KFF

Бельгия – Қазақстан матчы алдындағы болжам ресейлік Vedomosti.ru порталында жарияланды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Мақалада Қазақстан құрамасының Уэльспен өткен ойынына ерекше тоқталған. Сол кездесуде алаң иелері өте сапалы ойын көрсеткенімен, сәттілік жетіспеді. Кенжебек бірнеше рет қауіпті сәт жасап, екі мәрте қақпадан мүлт кетті, бір соққысы қақпа бағанасына тиді. Қосымша уақытта шыққан Бауыржан Мужиков та айып добынан тамаша соққы жасап, допты қақпа айқасына бағыттағанымен, есеп теңескен жоқ. Ал қарсылас Уэльс бірінші таймдағы жалғыз шабуылын голға айналдырып, жеңісті алып кетті. 

Осыған қарамастан, сарапшылар Қазақстанның әлеуеті жоғары екенін айтады. Бельгия Лихтенштейнді 6:0 есебімен жеңгенімен, Қазақстанға қарсы ойында барын салуға мәжбүр болады. Себебі қазақстандық ойыншылар тәжірибелі әрі ынтасы жоғары. 

«Сатпаев пен серіктестері енді жолы болып, жақсы нәтижеге қол жеткізуі тиіс. Біздің болжам – ойында 3,5 голдан көп соғылмайды», – делінген мақалада.