Қайратты Чемпиондар лигасына шығарған Темірлан Анарбеков деген кім?

Алматының «Қайрат» клубы шотландиялық «Селтикті» екі ойын қорытындысы бойынша сенсациямен жеңіп, алғаш рет тарихында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Тартысты өткен қарымта ойында жеңімпазды пенальти сериясы анықтап, қақпашы Темірлан Анарбеков үш соққыны қайтарып, «Қайратты» басты еуропалық додаға шығарды.
Темірлан Анарбеков 2003 жылдың 14 қазанында Атырау қаласында дүниеге келген. Ол 2017 жылы «Қайрат» футбол клубының академиясына шақырту алды.
2020 жылғы маусымда, небәрі 17 жасында, Премьер-лигадағы алғашқы кездесуін өткізіп, «Таразға» қарсы өткен ойында негізгі құрамда дебют жасады. Екі жыл өткен соң, 2022 маусымында, ол «Қайрат-Жастар» командасының капитаны атанып, Бірінші лигада тұрақты ойын тәжірибесін жинады.
2024 жылғы маусымды Темірлан елордадағы «Жеңіс» клубында жалға алу келісімі бойынша өткізіп, тәжірибесін жетілдірді.
Ал биылғы жылы ол «Қайраттың» негізгі қақпашысына айналып, командасының тарихындағы ең маңызды матчтардың бірінде қаһармандық танытты.
Жетістіктері:
Қазақстан чемпионы (2020)
Қазақстан Кубогының иегері (2021)
Қазақстан Суперкубогының иегері (2025)