«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды

«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды
Футбол

Чемпионат

Алматының «Қайрат» клубы шотландиялық «Селтикті» екі ойын қорытындысы бойынша сенсациямен жеңіп, алғаш рет тарихында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бұған дейін «Қайрат» еурокубоктардың топтық кезеңінде бір-ақ рет ойнаған. 2021/22 маусымында алматылықтар Конференциялар лигасында өнер көрсетіп, «Базель», «Қарабах» және «Омониямен» бір топқа түскен еді. Сол маусымда команда небәрі екі ұпай жинап, соңғы орынға тұрақтаған.

Қазақстандық футбол тарихында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жеткен екінші клуб – «Қайрат». Бұған дейін мұндай нәтижеге елордалық «Астана» қол жеткізген болатын. 2015/16 жылғы маусымда «Астана» «Атлетико», «Бенфика» және «Галатасараймен» бір топта өнер көрсетіп, төрт ұпай жинап, төртінші орынға табан тіреген еді.