Қазақстан құрамасы тарихи әлем чемпионатына аттанды

Қазақстан құрамасы тарихи әлем чемпионатына аттанды
Бокс

Instagram

Қазақстанның ерлер құрамасы бокстан ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатына (World Boxing) қатысу үшін Ливерпульге жол тартты, деп хабарлайды Bassport.kz.

ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі әуежайдан спортшылар мен бапкерлер штабының суретін жариялап, командаға сәттілік тіледі.

Чемпионат 2025 жылдың 4-14 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстан намысын 20 спортшы қорғайды — он ер және он әйел боксшы.

Бұл додаға 60-тан астам елдің спортшылары қатыспақ. Олардың қатарында өзбек, куба, үнді және британ құрамалары сияқты әлемдік әуесқой бокстың алыптары бар.