Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен неге бас тартқанын түсіндірді

Бокс
Meta MMA - Metaratings
Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамес қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен біріккен жекпе-жекке неге келіспегенін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Әлеуметтік желіде бір жанкүйер Адаместен:
«Мен түсінбеймін, қалайша боксшы миллиардерден дивизионды біріктіру туралы ұсыныс алып, одан бас тартады?» — деп сұрады.
Оған Адамес:
«Сен түсінбейсің, себебі ол “миллионер” лайықты ұсыныс жасаған жоқ», — деп жауап берді.
Айта кетейік, бұған дейін Турки әл-Шейх Адамеске қараша айындағы бокс кешінде WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуді ұсынған. Алайда доминикандық боксшы нақты келісім бермегендіктен, ұсыныс күшін жойды.
Осылайша, күткен біріккен жекпе-жек әзірге жүзеге аспайтын болды.