Шавкат Рахмонов жыл соңында октагонға оралуы мүмкін

Шавкат Рахмонов жыл соңында октагонға оралуы мүмкін
Жекпе-жек

Қазақстандық ММА файтері Шавкат Рахмонов толыққанды жаттығуларын бастап кетті. Бұл туралы оның бапкері Эдуард Базров мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Рахмонов соңғы рет октагонға өткен жылдың желтоқсанында шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген болатын. Жақында ол UFC-дің салмақ дәрежесіне қарамастан pound-for-pound рейтингінде топ-15 қатарына енді.

— Шавкат жаттығуға кірісті. Қазір денсаулығы жақсы, жүз пайыз дайындық жүргізіп жатыр, — деді Базров.

Қазақстандық кәсіби спортшы, UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы өкілі Шавкат Рахмоновтың жыл соңына дейін октагонға қайта оралуы жоспарланып отыр. Спортшы соңғы жекпе-жектен кейін жарақатынан толықтай айығып, қазіргі уақытта дайындық үдерісін жүргізуде.

Жекпе-жектің нақты күні мен қарсыласының есімі UFC тарапынан ресми түрде кейінірек хабарланатын болады.

Серіктес – SportQory спортты қолдау қоры.