«Бізді бағаламады». «Қайраттың» бас бапкері «Селтиктің» қаупі туралы айтты

«Бізді бағаламады». «Қайраттың» бас бапкері «Селтиктің» қаупі туралы айтты
Футбол

ФК “Кайрат”

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Селтикке» қарсы жауапты матч алдындағы баспасөз жиынында қарсылас жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz BorodAbata.kz сайтына сілтеме жасап.

– «”Селтик” – өте мықты команда, жоғары деңгейдегі ұжым. Олардың әрбір ойыншысы біздің бүкіл командаға тең келетіндей бағаланады. Әр футболшысы біз үшін қауіп төндіреді. Жылдам әрі қауіпті шабуыл желісі бар, ортасы мықты, орындаушылық шеберлігі жоғары. Біз бір ғана ойыншыға назар аудармаймыз, өйткені қауіп кез келгенінен төнуі мүмкін», – деді Уразбахтин.

Сонымен қатар, бапкер алдағы ойында қысым тек шотландиялықтар жағында деп есептемейтінін айтты:

– «Қысым “Селтикте” көбірек деп ойламаймын. Мүмкін, Глазгода олар бізді аздап бағаламаған шығар, бірақ енді мүлде басқа ынтамен алаңға шығады. Қазір командаға қатысты біраз теріс пікірлер айтылып жүр. Дегенмен, олар жоғары деңгейлі ойыншылар, мұндай жағдайға үйренген», – деп атап өтті ол.

Айта кетейік, алғашқы матч Глазгода 0:0 есебімен аяқталған болатын. Жауапты кездесу 26 тамыз күні Алматыда өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 21:45-те басталады.