Қазақстан жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстан жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында үздік бестікке енді
Күрес

olympic.kz

Болгарияның Самоков қаласында өткен грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетті. Жерлестеріміз төрт медаль жеңіп алып, медальдық есепте 9-орынға, ал ұпайлық есепте 5-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Қазақстандық балуандардың жетістіктері:

• Диас Сейтқалиев (82 кг) – күміс жүлде

• Арсен Жұма (55 кг) – қола жүлде

• Юсуф Ашрапов (72 кг) – қола жүлде

• Темірлан Тұрдақын (87 кг) – қола жүлде

Жарыстың медальдық есебінде Ресей құрамасы көш бастаса, ұпайлық есепте Иран бірінші орынға шықты. Айта кетейік, ресейлік және беларусь спортшылары ресми хаттамаларда бейтарап мәртебемен көрсетілгендіктен, ұпайлық есепке енгізілмеді.