«Селтиктің» бас бапкері Дастан Сатпаев жайлы пікір білдірді

Футбол
Sportbox
«Селтиктің» бас бапкері Брендан Роджерс Чемпиондар лигасы плей-оффындағы «Қайратқа» қарсы жауапты кездесу алдындағы баспасөз мәслихатында алматылық клубтың жас шабуылшысы Дастан Сатпаевтың жоқтығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz BorodAbata.kz (AS News) дерегіне сүйеніп.
— Ол – фантастикалық ойыншы. Тіпті «Челсидің» өкілі арнайы келіп, оны бақылағанын білемін. Иә, ол мықты футболшы, бірақ «Қайрат» — мықты команда, құрамында басқа да жақсы футболшылар бар. Біз «Қайратқа» жеке ойыншыларға емес, команда ретінде дайындалуымыз керек. Қарсыласымызға толық құрметпен қараймыз, — деді Роджерс.
Айта кетейік, Сатпаев алдағы матчты дисквалификацияға байланысты өткізіп алады. Бірінші ойын Глазгода 0:0 есебімен аяқталса, жауапты кездесу 26 тамыз күні Алматыда, Қазақстан уақытымен 21:45-те өтеді.