Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу ойындарына арналған соңғы тізімді жариялады

КазТАГ
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Али Алиев қыркүйекте өтетін Уэльс (4 қыркүйек) және Бельгиямен (7 қыркүйек) матчтарға шақырылған ойыншылардың толық тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz KFF.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Улар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»);
Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов («Динамо» Мәскеу, Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлеубай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі – «Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Бақыт Қайыров («Ақтөбе»), Дамир Қасабулат («Қайрат»);
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»).
Ұлттық құрама оқу-жаттығу жиынын 29 тамызда Астанада бастайды.
Еске сала кетейік, қыркүйек айында Қазақстан құрамасы екі маңызды кездесу өткізеді: 4 қыркүйекте Уэльсті қабылдайды, ал 7 қыркүйекте Брюссельде Бельгиямен сырт алаңда ойнайды. Ойындар ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің аясында өтеді.