Қазақстандық теннисшілердің ATP рейтингіндегі орны белгілі болды

Қазақстандық теннисшілердің ATP рейтингіндегі орны белгілі болды
Теннис

Sport5.by

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) US Open-2025 турнирі қарсаңында жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Әлемдік рейтингтің көшбасшысы өзгеріссіз қалды — бірінші орында Италия өкілі Янник Синнер, екінші сатыда — испандық Карлос Алькарас, ал үздік үштікті Германия теннисшісі Александр Зверев түйіндеді.

Қазақстан атынан сынға түсетін спортшылардың ішінде ең жоғары орында Александр Бублик — 24-сатыда. Александр Шевченко екі орынға төмендеп, 91-орында болды. Ал Бейбіт Жукаев пен Тимофей Скатов бір-бір позиция жоғарылап, тиісінше 191 және 192-орынға жайғасты.

Жаңартылған жұптық рейтингте көшбасшы — Ұлыбритания спортшысы Ллойд Глэсспул. Оның отандасы Джулиан Кэш екінші орында. Үшінші орынды бірдей ұпаймен сальвадорлық Марсело Аревало мен хорватиялық Мате Павич бөлісті.