Forbes ең жоғары табыс табатын теннисшілерді атады

Forbes ең жоғары табыс табатын теннисшілерді атады
Теннис

ИДБТ

Forbes журналы соңғы 12 айда ең көп табыс тапқан теннисшілердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.

Тізімді қатарынан екінші жыл әлемнің екінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы Карлос Алькарас бастап тұр. Испаниялық теннисші жалпы $48,3 миллион тапқан, соның ішінде $35 миллионы корттан тыс келісімшарттардан түскен.

Forbes нұсқасы бойынша соңғы бір жылдағы ең көп табыс тапқан 10 теннисші:

1. Карлос Алькарас (Испания) — $48,3 млн ($35 млн корттан тыс);

2. Янник Синнер (Италия) — $47,3 млн ($27 млн);

3. Кори Гауфф (АҚШ) — $37,2 млн ($25 млн);

4. Новак Джокович (Сербия) — $29,6 млн ($25 млн);

5. Арина Соболенко (Беларусь) — $27,4 млн ($15 млн);

6. Чжэн Циньвэнь (Қытай) — $26,1 млн ($21 млн);

7. Ига Швёнтек (Польша) — $24 млн ($15 млн);

8. Тейлор Фриц (АҚШ) — $15,6 млн ($7 млн);

9. Фрэнсис Тиафо (АҚШ) — $15,2 млн ($12 млн);

10. Даниил Медведев (Ресей) — $14,3 млн ($10 млн).