«Селтик» – «Қайрат» матчы көрермен саны бойынша рекорд орнатты

«Селтик» – «Қайрат» матчы көрермен саны бойынша рекорд орнатты
Футбол

Чемпионат

Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі «Селтик» – «Қайрат» ойыны (0:0) қазақстандық клубтар қатысқан еурокубок матчтарының ішіндегі ең көп жанкүйер жинаған кездесу болды, деп хабарлайды Bassport.kz KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.

Глазгодағы «Селтик Парк» стадионында өткен ойынды 56 182 көрермен тамашалады. Бұл арена сыйымдылығының 93%-ын құрайды (60 411 орын).

Айта кетерлігі, қазақстандық клубтардың қатысуымен өткен еурокубоктық ойындардың ең көп көрермен жиналған алғашқы төртеуі де дәл осы стадионда, «Селтикке» қарсы өткен.