Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Конференция лигасындағы матчқа инспектор болып тағайындалды

Футбол
ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясының төрешілер мен инспекторлар департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру УЕФА Конференциялар лигасының плей-офф кезеңіндегі матчқа инспектор болып бекітілді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ол 21 тамыз күні Стамбулда өтетін түрік клубы «Истанбул Башакшехир» мен румыниялық «Университатя Крайова» арасындағы кездесу жұмысына жауап береді. Ойын Астана уақытымен сағат 22:45-те «Фатих Терим Башакшехир» стадионында басталады.
Футбол инспекторы — УЕФА-ның ресми өкілі. Ол матчтың ұйымдастырылуын қадағалап, төрешілер бригадасының жұмысын бағалайды. Қорытынды бойынша арнайы есеп дайындап, УЕФА-ның құзырлы органдарына тапсырады.