Алиби Идрис UFC президенті Дана Уайтпен сөйлесті

Алиби Идрис UFC президенті Дана Уайтпен сөйлесті
Жекпе-жек

Sportburo.kz

Қазақстандық файтер Алиби Идирис (10-1) The Ultimate Fighter шоуының финалында америкалық Джозеф Моралеске (13-2) есе жіберді, деп хабарлайды Bassport.kz. Бұл жекпе-жекте жеңіске жеткен спортшы UFC-мен келісімшартқа ие болатын.

Жеңіске үміткер саналған Идирис қарсыласынан екінші раундта сабмишнмен жеңілді. Жекпе-жектен кейін ол октагонда UFC президенті Дана Уайтпен қол алысып, қысқаша сөйлесті. Сондай-ақ, отандасымызды жеңілістен соң UFC-дің аңызға айналған америкалық жұлдызы Дэниел Кормье қолдады.

Айта кетейік, бұған дейін Джозеф Моралес Алиби Идриске UFC-мен келісімшарт әлі де беріледі деген сенім білдірген еді.